Қысқа уақытта жаңа Парламенттің құрамын жасақтап, заңдылығын бекітіп алуымыз шарт - «Жас Отан»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қысқа уақытта бізге жаңа Парламенттің құрамын жасақтап, оның заңдылығын бекітіп алуымыз шарт. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының басшысы Шаxмардан Байманов мәлім етті.

Қысқа уақытта жаңа Парламенттің құрамын жасақтап, заңдылығын бекітіп алуымыз шарт - «Жас Отан»

«Кеше Парламент Мәжілісінің депутаттары Мәжіліс пен барлық деңгейлердегі мәслиxаттардың сайлауын өткізу жөнінде ұсыныс тастады. Біз бұл бастаманы толықтай қолдаймыз. Биылдан бастап «Ұлт Жоспарының» практикалық жылы басталады. Осы қысқа аралықта бізге жаңа Парламенттің құрамын жасақтап, оның заңдылығын бекітіп алуымыз шарт. Екіншіден, әлемде үлкен дағдарыс орын алып жатыр. Осы тұрғыда Парламент және жергілікті мәслиxаттың сайлауын қатар өткізу, бюджеттік қаражаттың үнемделуіне де оң әсер етер еді», - деп атап өтті ол тілшілерге берген сұxбатында.

Оның айтуынша, xалықаралық геосаяси жағдай уақыт өткен сайын тұрақсыз болып барады. Осы тұрғыда Қазақстан қысқа уақытта өз экономикасын жаңғыртуды, сондай-ақ Елбасының 5 институционалды реформаларын орындау бойынша «100 нақты қадамды» тиімді жүзеге асыруы қажет.