Қысқы Астана қала тұрғындарын қуантпақ

Астана қаласы әкімдігі жанындағы алаң мен Есіл өзені жағалауында да мұз айдыны мен сырғанақтар ашылады. Сонымен қатар түрлі мүсіндер орнатылатын қысқы қалашық бой көтермек. Елорда мектептерінің ауласында қосымша 11 мұз айдыны жасалады, деп хабарлайды astana.kz.
Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жеке тұрғын алаптары мен кешендерінде, Ақбұлақ өзенінің бойында, «Жерұйық» саябағында және Оқушылар сарайы маңында осындай сырғанақтар пайдалануға беріледі. Қала тұрғындарының ыңғайлылығы үшін Пригородный, Ильинка және Заречный елді мекендерінде де арнайы мұз айдындар ашылмақ. «Арай» саябағында, «Көктал тұрғын алабындағы «Наз» театры алдында және Өндіріс елді мекеніндегі № 49 орта мектептің жанында да өз уақыттарын тиімді өткізе алады. Қысқы Астана белсенді демалысқа құмар қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі қызыққа толы болмақ.