Қысқы Астананың қызықтары (ФОТОРЕПОРТАЖ)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жылдық мереке кезінде Астанада серуендеуге шыққан елорда тұрғындары мен қонақтарының қарасы көп.
None
None

Аязды күндерге қарамастан демалыс күндерін сәнді, мәнді өткізгісі келген жұрт таза ауаға шығып, қаланың әсем безендірілген мұз қалашықтарын тамашалап, балалар сырғанақ тепті.

Биылғы ең үлкен мұз қала «Хан Шатыр» кешенінің жанында бой көтергені белгілі. Қалашықтың алаңы екі мың шаршы метрге жуық. Мұнда мұздан жасалған ғажап бейнелердегі түрлі бірегей мүсіндер кешені топтастырылды. Мүсіндер мұздан қашалып, адамдардың, аңдардың, ертегі кейіпкерлері мен аңыздардағы образдардың бейнесінде тұрғызылған.

Айта кетейік, бас қаламызда мұз мүсіндерінің тағы үш алаңы салынды. Олар Есіл өзенінің жағалауында, Отан Ана монументі мен қалалық әкімдік ғимаратының жанында орналасқан.

Тұрғындардың көтеріңкі көңіл-күйімен бірге әсем Астанамыз онан сайын ажарлана түскендей. Назарларыңызға агентігіміздің фототілшісі арнайы дайындаған суреттерді ұсынамыз.
1
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
последняя астана
null
null
null
null
null
null
null
null
null

Соңғы жаңалықтар