Қысқы аязда «қатып қалған» тұрғын үйлер бойынша тексеріс жүргізіледі - И. Тасмағамбетов

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов қысқы маусымда жылумен және сумен қамтамасыз етуде қиындық көрген нысандарда арнайы тексеру жүргізілетіндігін мәлім етті.

 Қысқы аязда «қатып қалған» тұрғын үйлер бойынша тексеріс жүргізіледі - И. Тасмағамбетов

«Жылыту мусымы кезінде Астанада жаңадан пайдалануға берілген бірқатар әлеуметтік және тұрғын үй нысандаында температурлық режімді сақтау бағытында проблемалар анықталды», - деді И. Тасмағамбетов сейсенбі күні өткен кеңесте.

 Оның атап өткеніндей, нысандардағы температура Астананың ауа-райына сай белгіленген талап пен сметаға сәйкес келмеген.

 «Сонымен қатар сумен қамтамасыз ету мен кәріздік желілерге қатысты да наразылықтарымыз бар», - деп атап көрсетті қала басшысы.

 «Аталған жағдайлар бойынша біз жете тексеру өткіземіз, қажет болса құқық қорғау органдарын тартамыз», - деді ол.

 Жалпы қала әкімі экстремалды төмен температура тіркелген өткен қыста энергетика, жылумен қамтамасыз ету және басқа да нысандардың жұмысына үлкен сын болғандығын атап өтті.