Қысқы Азиада ойындарының алауын оқ ату бойынша Әлем чемпионатының жүлдегері, павлодарлық полиция қызметкері Вячеслав Подлесный да алып өтеді
ПАВЛОДАР. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қазақстанда өтетін қысқы Азиада ойындарының алауын алып өтушілер арасында ҚР спорт шебері, оқ ату бойынша әлем чемпионатының жүлдегері, Павлодар ІІБ-ның аға сержанты Вячеслав Подлесный да бар, деп хабарлайды Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Өткен жыл спортшы үшін жеңісті жыл болды, Вячеслав алғаш рет Германияда өткен әлем чемпионатына қатысты, ерлік танытып, қола жүлдені қанжығалап келді. Ол 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алған еліміздегі спортшылардың алғашқысы.
33 жастағы спортшы біраз жетістіктеге қол жеткізген. 2005 жылы спорт шебері В. Подлесный жер үрлейтін қарумен оқу ату бойынша Тайландта өткен Азия чемпионатында алтын жүлдеге, ал 2006 жылы әскери қарудан оқ ату бойынша ҚР Ішкі істер министрлігінің чемпионы атанды.
Қызметтестері Вячеславтан тек жаңа жеңістер ғана күтеді.