Қысқы Азия ойындары тарихында алғаш рет тікелей трансляциялар сатылды

АЛМАТЫ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы мен Астанадағы 7-қысқы Азия ойындары ақпараттық телеарналардан бөлек аймақтық 11 телеарнада көрсетілді.
None
None

Бұл туралы «2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ вице-президенті Мағжан Қанғожин бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«7-қысқы Азия ойындарында осы құрылқты ойындар тарихында алғаш рет спорт жарыстарының тікелей трансляциясы сатылды. Олардың ішінде «Евроньюс», Әл-Жазира және Қытайдың орталық телеарнасы бар», - дейді Мағжан Мүталлапұлы.

Жалпы Азия ойындары 1951 жылдан бері 4 жылда бір рет өтетін ең ірі спорт додасы болып саналады. Есептеу Нью-Делиде өткен бірінші ойыннан бері жүргізіліп келеді. Ойындардың жалпы ұзақтығы - ашылу және жабылу салтанатын қоса кем дегенде 7 және ең көп дегенде 16 күннен артық емес. Ойын Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) қадағалауымен Азиялық Олимпиада кеңесімен (АОК) реттеледі. АОК-тің бас және техникалық директоры Хусейн әл-Мусалламның айтуынша, ұйымда 28 спорт түрі мен 65-тей халықаралық федерациялар бар.

Соңғы жаңалықтар