Қысқы Азия ойындарына келушілерге отандық «рахмет» шәйі ұсынылмақ

АТЫ. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/- Бүгін Алматыда 2011 жылғы 7-Қысқы Азия ойындарының серіктесі «Asia Tea» ЖШС-і «Рахмет» маркасындағы шәй сусынын таныстырды.

Қысқы Азия ойындарына келушілерге отандық «рахмет» шәйі ұсынылмақ

Қысқы Азия ойындарының Алматы қаласы бойынша дирекциясының директоры Сұлтанбек Сыздықовтың айтуынша, ойындардың маркетингтік және жарнамалық алаңы ұлттық өндірушілердің брендттерін кең көлемде танымал болуына мүмкіндік береді. «Asia Tea» компаниясы «Рахмет» шәй брендімен алдағы қысқы Азия ойындарында ресми делегаттар мен қонақтарға қазақ халқының ғасырлық шәй ішу дәстүрімен жоғары деңгейде таныстырады», -дейді С.Сыздықов.

«Asia Tea» компаниясының маркетинг бойынша директоры Айдана Рысқұлова «Рахмет» шәйына тоқталып, Қазақстандағы шәй өнеркәсібінің ахуалына және өнімдерді Азия нарығына жылжыту туралы жоспарларымен бөлісті. «Біз Қазақстан нарығында 3 жылдан бері жұмыс істеп келеміз, аз уақытқа қарамастан біздің компания көптеген жетістіктерге жетіп, марапаттарға ие болды. Алдағы қысқы Азия ойындарында бірлесе жұмыс істеп, өз өнімдерімізді ұсыну жоғары белестерге көтерілуімізге мүмкіндік береді», -дейді А.Рысқұлова.

Қысқы Азия ойындары кезінде аталған компания дегустациялық шаралар өткізіп, ойынға қатысушылар мен қонақтарды ыстық және сергітетін "Рахмет" шәймен қарсы алады.