16:37, 22 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Қысқы Олимпиада алауының эстафетасы тоқтатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Ұлттық олимпиадалық комитеті Чхунчхон-Намдо провинциясының Чечхон қаласында болған өрт салдарынан осында болуы тиіс олимпиада алауының эстафета кезеңін тоқтатты.

Бұл жайлы ТАСС Оңтүстік Корея ҰОК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
«Өрт құрбандары мен зардап шеккендердің құрметіне эстафета рәсімі және оның көңіл көтерушілік шаралары тоқтатылды», - делінген хабарламада. Олимпиада алауының эстафетасы сенбі күні Танян қаласында жалғастырылады.
Бейсенбі күні ойын-сауық орталығының сегіз қабатты ғимаратында болған өрттен 29 адам қаза тауып, тағы 29 адам зардап шекті.
Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин бұл қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, апат салдарын азайтуды тапсырды.
Қысқы Олимпиада Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында 2018 жылғы 9-25 ақпанда өтеді.