Қысқы Олимпиада: Қазақстандық спортшылардың 12 ақпандағы жарыс кестесі
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – 12 ақпан күні Бейжің Олимпиадасында қазақстандық атлеттер спорттың 3 түрінен сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтсақ, сенбі күні қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, биатлон және конькимен жүгіру спортынан ел намысын қорғайтын болады.
12 ақпандағы жарыс кестесі:
Шаңғы жарысы
13:30 Эстафета. 4х5 км. Әйелдер.
Конькимен жүгіру спорты
14:00 500 м. Ерлер
Иван Аржанников
Биатлон
15:00 Спринт 10 км. Ерлер
Александр Мухин, Владислав Киреев.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақстандық үш бірдей шорт-трекшіміз 500 метр қашықтықтан Бейжің олимпиадасының ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.