Қытай 2012 жылдың қорытындылары бойынша әлемдік сауданың көшбасшысы атанды
АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Қытай 2012 жылдың қорытындылары бойынша Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бері тізімді бастап тұрған АҚШ-тан озып, әлемдік сауданың көшбасшысы атанды.
Мұны американдық Сауда министрлігі мен ҚХР кедендік басқармасының мәліметтері куәландырады, деп хабарлады Утро. ру.
Салыстыру үшін агенттіктің сарапшылары екі мемлекеттің экспорт және импорт сомасын қолданды: Штаттар үшін бұл көрсеткіш 2012 жылы - $3,82 трлн., ал Қытай үшін $3,87 трлн.-ды құрады.
Атап өтейік, бұған дейін сарапшылар Қытайдың көшбасшылығына болжам жасады, бірақ бұл 2016 жылдан ерте болмайды деп шамалаған еді.