Қытай 2014 жылдың соңына Жерге өзі оралатын ай аппаратын іске қосады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда өзі қайтып оралатын ай орбиталық аппаратын іске қосуға дайындалуда. Бұл туралы Синьхуа агенттігі ҚХР қорғаныс ғылымы, техникасы және өндірісі мемлекеттік басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Аппарат Бейжің қаласынан Сичан қаласының (Қытайдың оңтүстік батысындағы Сычуань провинциясы) әуежайына дейін жеткізілді. Ол жерден Сичан ғарыш айлағына тасымалданбақ.
Ол ағымдағы жылдың соңына дейін ұшырылуы тиіс, делінген хабарламада. Бағдарламада аппараттың екінші ғарыш жылдамдығына жақын (секундына 11,2 километр) жылдамдықпен ай орбитасына шығып, кейін Жерге оралуы қарастырылған. .
Экспериментальды аппарат «Чанъэ-5» қытай ай зондының модельдерінің бірі болып табылады. Оның міндеті - Айға қонып, ай топырағының нұсқасын жинап Жерге оралу.