Қытай 2016 жылы елдің дамуына триллион долларға жуық қаржы жұмсамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Үкіметі 2016 жылы елдегі жоғары технологиялар мен инфрақұрылым және басқа жобалардың дамуына 6 триллионнан астам юань (926,6 млрд. доллар) инвестициялауды көздеп отыр.

Қытай 2016 жылы елдің дамуына триллион долларға жуық қаржы жұмсамақ

Бұл қаражаттың жартысы көлік, қоршаған ортаны қорғау, қалалық жоспарлау және туризм саласындағы жобаларға жұмсалатыны жоспарланған. Қалған бөлігі темір жолдар, жоғары технологиялар, инфрақұрылымды дамытуды қаржыландыруға жіберілмек.

Қытайдың сондай-ақ 2016 жылы инфрақұрылымға 500 млрд. юаньді (77 млрд. жуық доллар) инвестициялауды, ал автомобиль және темір жолдарын дамытуға 2,45 триллион юаньді (шамамен 377 млрд. доллар) салуды көздеп отырғаны хабарланып отыр, деп жазады РИА Новости.