Қытай 2016 жылы кедейлер санын 10 миллионға қысқартуды жоспарлауда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай 2016 жылы елдегі кедейлер санын 10 миллионға дейін азайту міндетін қойды. Бұл туралы бейсенбі Бүкілқытайлық жұмыс мәжілісінде хабарланды.
ҚХР Мемлекеттік кеңесінің кедей аудандарға жәрдемдесу басқарушы тобы кеңсесінің басшысы Лю Юнфудың айтуынша, 2016 жылы жергілікті ресурстарды игеру және мұқтаж аудандарда экономиканы дамыту есебінен кедейлікті жою бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылды.
2015 жылы кедейлерге жәрдемдесу бойынша міндетке қатысты айта келе, Лю Юнфу орталық және жергілікті үкіметтер және тиісті ведомстволар күшінің арқасында осы жылы кедейлер санын 10 миллионға азайту міндеті орындалады деген болжам бар екенін атап өтті, деп хабарлайды Синьхуа.