Қытай 2023 жылы «Бір белдеу – бір жол» форумын өткізу мүмкіндігін пысықтауда
«Келесі жылы «Бір белдеу – бір жол» халықаралық ықпалдастығының үшінші форумын өткізу мүмкіндігі пысықталып жатыр», - деп келтіреді С.Цзиньпиннің сөзін ҚХР Сыртқы істер министрлігі.
Қытай президентінің айтуынша, бұл Азия-Тынық мұхиты өңірінің бүтін әлемде дамуына және гүлденуіне жаңа серпін береді.
«Бір белдеу – бір жол» алғашқы форумы 2017 жылы Бейжің қаласында өткен болатын.
Сондай-ақ Си Цзиньпин атап өткендей, Қытай барлық серіктестермен Өңірлік жан-жақты экономикалық серіктестік туралы келісімді іске асыруға, Транс-Тынық мұхит серіктестігі туралы тұтас қамту және прогрессивті келісімге, сонымен қатар Цифрлық экономика саласындағы серіктестік туралы келісімге қосылу бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.
18 қарашада Бангкокте АТЭЫ-ге қатысушы елдер көшбасшыларының 29-ыншы бейресми кездесуі өтті.