Қытай 60 жастан асқан 220 млн қарт үшін қызмет нарығын ашуға мәжбүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылға қарай Қытай қарттарға қамқорлық көрсету бойынша өз нарығын толық ашады. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің кеңсесі мәлімдеді, деп хабарлады Синьхуа.
None
None

Бұл қадам нарықтағы қызмет пен өнім ұсынысын айтарлықтай ұлғайтуға, қағидаларды реттеуге және қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, делінген мәлімдемеде.

Шетелдік инвестициялар үшін аталған нарық қолжетімді болады және рұқсат беру бойынша әкімшілік үдерістер жеңілдетіледі.

Бүгінгі таңда халықтың қартаюы Қытай үшін өзекте мәселе болып отыр. Қазіргі уақытта елдегі 220 млн. халық 60 жастан асқан, бұл көрсеткіш елдегі тұрғындардың 16,1 пайызын құрайды және күннен-күнге қарқынды өсіп келеді.  

Соңғы жаңалықтар