Қытай Африкаға 20 млрд. доллар несие бермек
АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - Қытай Африка елдеріне жалпы сомасы 20 млрд. долларды құрайтын несие береді.
"Синьхуа" агенттігінің хабарлауынша, бұл жайында ҚХР-дің төрағасы Ху Цзиньтао «Африка-Қытай» форумы барысында мәлім еткен.
Оның атап өтуінше, бұл цифр 2009 жылы өткен форум барысында келісілген инвестиция көлемінен 2 есе артық.
ҚХР Үкіметінің мәліметтері бойынша елдің Африка мемлекеттерімен арадағы сауда айналымы 2011 жылы тарихи рекордтық деңгейге көтеріліп, 166,3 млрд. долларды құраған.