Қытай Акмал Шейхтің ісі бойынша жасалған британ тарабының мәлімдемесіне наразылық білдірді

БЕЙЖІҢ. Желтоқсанның   30-ы.  ҚазАқпарат /Руслан  Сүлейменов/ -     Қытай  тарабы есірткі контрабандасы  бойынша    айыпталған  британ      азаматы   Акмал  Шейхтің  өлім  жазасына  қатысты жасалған   британ тарабының  негізсіз сынына       үзілді-кесілді   наразылық  білдірді.
None
None

  Бұл туралы сейсенбі күні   Бейжіңде  өткен  баспасөз мәслихатында   Қытай  Сыртқы істер министрлігінің     өкілі Цзян  Юй  ханым мәлім етті.  

 Цзян Юй ханымның  айтуынша,    Қытай    британ тарабынан   Қытайдың әділ сот саласындағы егемендігін    құрметтеуді    және   екіжақты қарым-қатынастарға   зиян  келтірмеу  үшін   дереу   қателігін   түзетуді  талап етті.

 Британияның премьер-министрі Гордон Браунның   Акмал  Шейхтің ісі  бойынша    мәлімдемесіне түсіндірме  берген Цзян  Юй,   Британия азаматы   Акмал  Шейхтің      жеке қылмыстық  іс бойынша  тағылған  есірткі контрабандасы жөніндегі айып  бойынша     Қытайда  өлім    жазасына кесілгенін  айтты.  «Қытай -   құқықтық мемлекет,  ал  елдің  сот органдары     заң  тарауларына қатаң сәйкестікте  жұмыс істейді.  Қытай  ешкімге    елдің әділ  сотының  тәуелсіздік  қағидасын   бұзуға     жол  бермейді.      Ешкімнің  Қытайдың әділ сот  саласындағы    егемендігін  ғайбаттауға    құқығы жоқ.   Сот  барысында  Акмал  Шейхке     оның барлық  заңды  құқықтарына  кепілдік берілді»,  деп   атап көрсетті Қытай сыртқы саясат ведомствосының ресми өкілі.

 «Есірткі  бизнесі - қоғамға       үлкен зиян  келтіріп  отырған     әлемдегі   күрделі    қылмыс.   Есірткі  бизнесімен күрес -  барлық     халықтың  ортақ талпынысы  болып табылады»,  дейді Цзян  Юй.

  Есірткі  контрабандасы үшін  айыпталған британ азаматы Акмал  Шейх,  Қытайдың Жоғарғы халық  соты   өлім жазасы туралы үкімді бекіткеннен кейін,     Үрімшіде    улы инъекция егу  жолымен өлім жазасына кесілді,  деп    хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Соңғы жаңалықтар