Қытай АҚШ-тан Тайваньға әскери көмекті тоқтатуды талап етті

ҚХР СІМ басшысы АҚШ-ты Тайваньға қару-жарақ жеткізуді тоқтатуды және Тайбэймен әскери ынтымақтастықты үзуді шақырды.
21 қыркүйекте Құрама Штаттар Тайваньға 5,852 доллар көлемінде кезекті әскери көмек жіберетінін жариялады. Бұл көмек сонымен бірге Тайвань әскери-әуе күштеріндегі F-16 жоюшы ұшақтарын жаңартуды көздейді.
«Біз өзара ынтымақтастық қатынастарымызды сақтауға тиіспіз, ол біздің екі мемлекетіміздің маңызды ортақ мүдделерін қарастырады. АҚШ ҚХР мен Құрама Штаттар арасындағы қатыстардың бұзылуына және қиындауына жол бермеу үшін қытай қауіпсіздігіне, Қытай егемендігіне және ҚХР дамуы мәселелеріне қатысты өзекті мәселелерді қозғауда өте абай болғаны жөн», - деп мәлімдеді Ян Цзечи.
Бейжің Тайваньды өз аумағы деп санайды және бұл аралға қару жеткізуді өте ауыр қабылдайды. 2008 және 2010 жылдары Бейжің Тайбэйге әуе шабуылына қарсы және басқа да американдық қаруларды жеткізгені үшін Вашингтонмен әскери келісім-шарттарды және әскери ынтымақтастық саласындағы басқа да келісімдерді уақытша тоқтатты.