Қытай АҚШ-ты Тайваньға қару-жарақ сатуын тоқтатуға шақырды

БЕЙЖІҢ. СИНЬХУА-ҚазАқпарат – Қытай жұма күні АҚШ-ты Тайваньға қару-жарақ сатуын және онымен әскери байланысын, сондай-ақ Тайвань бұғазы өңірінде шиеленіс тудыруға әкеліп соқтыратын жаңа факторлар құруды тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап.

Қытай АҚШ-ты Тайваньға қару-жарақ сатуын тоқтатуға шақырды

«Қытай өзінің егемендігі мен қауіпсіздік мүддесін қорғау үшін шаралар қолданады», - деді ҚХР СІМ ресми өкілі Ван Вэньбинь кезекті баспасөз мәслихатында.
Қытай тарапы АҚШ-тың Қытайдың Тайвань өңіріне қару сатуына түбегейлі қарсы ұстанымда, деп атап өтті ол.
ҚХР АҚШ-ты бір Қытай қағидасын және үш бірлескен Қытай-Америка коммюнике ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ АҚШ басшылығының «Тайвань тәуелсіздігін» қолдамау туралы уәдесін іс жүзінде қолдануға шақырады, деп қорытындылады Ван Вэньбинь.


Фото: www.reuters.com