00:22, 05 Шілде 2012 | GMT +5
Қытай акула жемейтін болды
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Қытай билігі ресми банкеттердің мәзіріне акула жүзбеқанатынан дайындалған сорпалардың болуына тыйым салуды енгізбекші, деп хабарлайды BNews.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Бұл тыйымға Тынық мұхит суларында акула қауымдасының азайып бара жатуы себеп болды және ол кемінде үш жылға созылмақ. Соңғы жылдары ҚХР-ның экономикалық өсуі көп адамдардың бір порциясы 26 доллар тұратын акула сорпасын ішуге мүмкіндік берді деп айтылады. Бұл тағам дәулеттіліктің белгісі іспеттес болды да, мейрамдарда, мерейтойларда, бірлескен немесе мемлекеттік шараларда көп сатылды. Тынық мұхиты мемлекеттерінің бірқатары, соның ішінде Гонконг пен АҚШ бар, қытайдыкіне ұқсас тыйымды енгізіп қойғалы бірнеше жыл болып қалды.