Қытай - әлемдегі алтынды ең көп пайдаланатын мемлекет
АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - GFMS консалтингтік компаниясының зерттеуі бойынша Қытай әлемдегі алтынды ең көп қолданатын мемлекет болып танылды.
Алтынның әлемдік қорын зерттеген ұйымның мәліметіне сүйенсек, Қытай былтыр 1189,8 тонна бағалы металл сатып алған. Бұл 2012 жылға қарағанда 32 пайызға көп. Алтынның 724 тоннасы зергерлік бұйымдар жасауға бағытталған. Осы ретте Қытай бірінші рет Үндістанды басып озды. Үндістер 987,2 тонна алтын алған болатын. The Financial Times газетінде жарияланған мақалаға жүгінсек, Қытайда алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар инвестициялық мақсатта пайдаланылады. Сондай-ақ қытайлықтардың тарапынан алтын құймалары мен тиындары да зор сұранысқа ие, деп жазады Лента.ру.