Қытай әлемдік көшбасшылық табалдырығында тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көптеген адамдар Қытай Американы басып озады, АҚШ жеңілісін мойындауы тиіс деп санайды. 44 еуропалық елде өткізілген сауалнама нәтижесі бойынша, көптеген адамдар Қытай әлемдегі ең басты көшбасшы болады деген пікір айтқан, деп хабарлады APR PRESS тілшісі Pew Research компаниясына сілтеме жасап.

Қытай әлемдік көшбасшылық табалдырығында тұр

Pew Research компаниясы Global Attitudes жобасы ауқымында 2014 жылдың көктемінде әлемнің 44 елінде сауалнама өткізген. Талдамашылар жаһандық ауқымда Қытайдың преспективаларын жоғары бағалады, соның ішінде экономикасының өсіміне, әскери бюджетінің ұлғаюына және халықаралық мәртебесінің нығая түсуіне жоғары баға берді.

Зерттеудегі басты сұрақ «Қытай жетекші әлемдік супердержава ретінде АҚШ-ты ауыстыра ала ма?» деген сауал болды. Сұрау салынғандардың 49 пайызы жетекші супердержава ретінде Қытай Американы басып озады десе, бірқатары қазірдің өзінде озып кетті, деп жауап қайтарған. Зерттеуге қатысқан американдықтар да (49 пайыз) осы пікірді жақтаған. Еске сала кетейік, АҚШ әзірге ІЖӨ және әскери шығындар бойынша көшбасшы болып отыр. Алайда Америка қазірдің өзінде көшбасшылықты уысынан шығару үстінде, бұдан әрі оның Қытайға жол берері анық болып тұр.