Қытай алғаш рет өзінің ұялы байланыс спутнигін ұшырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР-да алғашқы ұлттық ұялы байланыс спутнигі ұшырылды, деп хабарлады Росбалт.
Tiantong-01 аппаратын іске қосу Сичан (Сычуань) ғарыш айлағынан жүргізілді. Орбитаға спутникті Long March-3B зымыраны шығарды.
«Синьхуа» агенттігінің мәліметтері бойынша, бұл спутник елдің ақпараттық ғарыш инфрақұрылымының басты оқиғасы болмақ. Қытай тағы бірнеше геостационарлық спутниктерді ғарышқа аттандыруды жоспарлауда.