Қытай алтын қоры бойынша әлемде 5-ші орынға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай алтын қоры бойынша әлемде 5-ші орынға шықты. Оның иелігінде бұл құнды металдың 1658 тоннасы бар.
None
None

Мұндай мағлұмат жұма күні Қытай ұлттық банкінің ресми хабарламасында жарияланды. Қытай алтын қоры көлемі бойынша Ресейден озып, бесінші орынға шықты. Маусым айының соңында Ресейде шамамен 1238 тонна алтын болған. Алғашқы төрт орында сәйкесінше АҚШ, Германия, Италия және Франция тұр.

«Қытай сонымен бірге әлемдегі алтын өндіруші ірі елдердің бірі. 2014 жылы мұнда шамамен 450 тонна аталған бағалы зат балқытылған», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар