Қытай-американ таза энергияны зерттеу бірлескен орталығы құрылды
БЕЙЖІҢ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚХР Мемлекеттік кеңес мүшесі Лю Яньдуннің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында қытай-американ таза энергияны зерттеу бірлескен орталығы құрылғанын жария етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Баспасөз мәслихатында ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао мен АҚШ президенті Барак Обаманың Лондонда сәуірдің басында қол жеткізілген маңызды уағдаластығын іске асыру үшін сәуірдің ортасында Лю Яньдун АҚШ-қа сапар жасаған. Онда АҚШ энергетика министрі Стивен Чумен бірлесе отырып, қытай-американ таза энергияны зерттеу бірлескен орталығын құру жөнінде бірауыздан шешім қабылданған болатын. Оны таза энергия технологиялар саласындағы ғалымдар мен инженерлердің бірлескен зерттеулерін іске асыру үшін екі ел үкіметтері құрды. Орталықтың бастапқы басым бағыттағы қызметтері - энергия үнемдейтін нысандар салу, «таза көмір» және таза энергиямен жұмыс істейтін автомобиль жасау болмақшы.