Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 04 сағат 27 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 442 км қашықтықта Қытай аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы - 10.1, тербелісі - 3.9, тереңдігі 15 км.

Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.