«Қытай айдаһарларына» қарсы айқасатын «арландарымыз» анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қытай айдаһарларына» қарсы айқасатын «арландарымыз» анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Қытай айдаһарларына» қарсы айқасатын «арландарымыз» анықталды

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсетіп келе жатқан елордалық «Астана арландары» клубының бапкерлері «Қытай айдаһарларына» қарсы шығатын боксшылардың тізімін жариялады.

Кездесу 22 сәуір күні, Қытайдың Санья қаласында өтеді. Жекпе-жектер Астана уақытымен сағат 17:30-да басталады.

Бұл сында «арландар» сапынан 52 келі салмақта Анвар Мұзаппаров, 60 келі салмақта Зәкір Сафиуллин, 69 келі салмақта Асланбек Шымбергенов, 81 келі салмақта Арман Рысбек және 91 келіден ауыр салмақ дәрежесінде  Олжас Бұқаев шаршы алаңға шығады.