08:11, 08 Маусым 2017 | GMT +5
Қытай айлар бойы жерге қонбайтын алып дронды сынақтан өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай инженерлері келешекте әуеде айлап ұшуға қабілетті қанатының құлашы 40 метрге жететін ірі ұшқышсыз аппаратты сынақтан өткізді, деп хабарлайды popsci.com .

Ұзақ ұшуға аппарат салмағының жеңілдігі себеп болуы мүмкін. Ол әрі қуатты күн батареясынан алады.
CH-T4 дроны 20 шақырым биіктікке көтерілуге қабілетті. Аппарат сағатына 200 шақырым жылдамдықпен ұша алады. Екі қанатты машинаның салмағы корпусына пластика мен көміртекті панелді пайдаланғандықтан, 500 келіден аспайды.
Ұшақ әскерилерге барлау жүргізуге, ғалымдарға мәлімет жинауға, сондай-ақ шалғай жатқан аймақтарда байланысты қамтамасыз ету жүйесіне ретінде пайдаланылуы мүмкін.
ФОТО/China Daily