Қытай азық-түлік тауарлары мен суға радиациялық мониторингті күшейтуде

БЕЙЖІҢ. 29 наурыз. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - ҚХР Денсаулық сақтау министрлігі Қытайдың Хэйлунцзянь уәлаятында радиациялық бөліктердің анықталуына байланысты,

Қытай азық-түлік тауарлары мен суға радиациялық мониторингті күшейтуде

Қытайдың солтүстік-шығысы мен жағалаудағы аудандарындағы 14 уәлаят пен қалада мүмкін болар радиациялық залалдың деңгейін анықтау үшін тағам өнімдері мен суға мониторинг жүргізіп отыру туралы шешім қабылдады.

"Өткен демалыс күндері Жапониянң «Фукусима-1» апатты АЭС-інен шығарылған радиациялық бөліктер Қытайдың Хэйлунцзянь уәлаятында анықталды, бірақ олардың тұрғындардың денсаулығына зиян келтірмейтіні айтылды", - деп хабарлады Ядролық апаттарға әрекет ету мемлекеттік үйлестіру комитетінде.

Сондықтан әзірше қорғаныс шараларын қолданудың қажеттілігі жоқ, делінген комитет таратқан мәлімдемеде.