12:56, 28 Маусым 2016 | GMT +5
Қытай банкі юань бағамын бес жарым жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткішке түсірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай банкі юань курсын соңғы бес жарым жыл ішіндегі ең төменгі деңгейге түсірді, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Биржа саудасы басталарда Қытай Орталық банкі бір доллар 6,6528 юань деп бекітті. Бұл 2010 жылдың желтоқсанынан кейінгі ең төменгі баға болып отыр.
Саудаластық кезінде бір доллар 6,6512 юань шамасында болды. Алайда, сауда сессиясының ортасына қарай америкалық валюта 6,6480 юаньге дейін төмендеді.
Осының кесірінен бүгін таңертең Қытайдың Shanghai Composite қор индексі 2881 пунктке дейін 0,5 пайызға түсіп кетті.