Қытай банкіндегі жарылысты жұмыстан қуылған қызметкер жасаған
АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Қытай БАҚ-ы хабарлағандай, Ганьсу провинциясындағы банктердің бiрiндегі жарылысты қаржылық құйтырқылығы үшін қызметтен қуылған банктің бұрынғы қызметкері жасаған,
деп хабарлайды Би-Би-Си.
Жарылыс салдарынан ондаған адам зардап шекті, олардың көбі ауыр жағдайда жатыр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00-де қызметкерлердің мәжілісі кезінде ғимаратқа жанғыш қоспасы бар шөлмек лақтырылған болатын. Соның салдарынан ғимараттың төртінші қабатында жарылыс болды.