Қытай банктері валюта тапшылығына тап болды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай банктері ағымдағы жылдың тамызында валюта тапшылығын басынан өткерді. Бұл соңғы 13 айдағы Қытайдағы алғашқы жағдай, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Қытай банктері валюта тапшылығына тап болды

Өткен айда банктер 147,4 млрд. доллар көлемінде валюта сатып, 146, 6 млрд. доллар сатып алған. Нәтижесінде шамамен 800 млн. доллар валюта тапшылығы орын алды. Биылғы шілде айындағы көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық орын алып отыр. Ол кезде валюта профициті 1,2 млрд. долларды құраған еді.

Экономистер бұның себебі ретінде екі негізгі факторды айтуда - Қытай экономикасының даму қарқынының бәсеңдеуі және АҚШ экономикасының қалыпқа келу есебінен доллардың ары қарай нығаю әлеуеті.

Қытайдың жеке тұлғалары мен компаниялары шетелдік валютаны ұстауды жөн санайды. Өйткені соңғы кездері Қытайдың ресми валютасына қысым түсуде, бұл оның құнсыздануына соқтырады.