Қытай басшысы Ху Цзиньтао Ким Чен Ирді Кореяның Еңбек партиясының Бас хатшысы қызметіне сайлануымен құттықтады

БЕЙЖІҢ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Ху Цзиньтао Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ирді Кореяның Еңбек партиясының Бас хатшысы қызметіне сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады.
None
None

Жеделхат мәтінінде, Қытай мен Корея Халық Демократиялық Республикасын дәстүрлі достықтың тығыз қарым-қатынасы, аумақтық көршілік және ауқымды өзара мүдделер байланыстырып отырғаны атап көрсетілген. Солтүстік Кореямен достықты және ынтымақтастықты дамыту, нығайту Қытай партиясы мен үкіметінің мызғымас бағыты болып табылады.

Халықаралық жағдайдағы барлық өзгерістерге қарамастан, біз, стратегиялық және ұзақмерзімдік перспективалар тұрғысынан халықаралық байланыстарды қорғайтын және дамытатын боламыз. Біз солтүстікорейлік тараппен бірлесе отырып Қытай мен Корея Халық Демократиялық Республикасының қарым-қатынасын екі ел халықтарының игілігі үшін жаңа деңгейге көтеруді, ұзақмерзімдік бейбітшілікке қол жеткізуге қомақтырақ үлес қосуды, аймақта бірлесіп гүлденуді қалаймыз, делінген Қытай басшысының хатында.

Соңғы жаңалықтар