Қытай басшысы Ху Цзиньтаоның мемлекеттік туға деген айырықша құрметі отандастарына ерекше әсер етті
АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Мексикада өткен «Үлкен жиырмалық» елдері басшыларының саммиті кезіндегі ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның мемлекет туын жерден еңкейіп алып жатқан суреті отандастарына қатты әсер етті,
деп жазады Қытайдың «Жэньминьван» сайты.
Бұл суреттер «Үлкен жиырмалық» елдері басшыларының саммиті кезінде түсірілген, ұйымдастырушы жақ еденге әр елдің мемлекеттік туын жапсыру арқылы басшылардың топтық суретке түскенде тұратын орнын белгілеген. Топтық суретке түсіп болғаннан кейін, мемлекеттік ту бедерленген қағаздың басқалардың аяғының астында тапталып қалмауын ойлаған тек Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао ғана болған. Ол өз мемлекетінің туы бедерленген қағазды ыждағаттылықпен жинастырып алған.