Қытай басшысының сапары Қазақстанның стратегиялық маңыздылығын көрсетеді - сарапшы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Саясаттанушы Санат Көшкімбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытай басшысының сапары Қазақстанның стратегиялық маңыздылығын көрсетеді - сарапшы

Оның пікірінше, ҚХР Төрағасының мемлекеттік сапары Қазақстан үшін де, бүкіл Орталық Азия өңірі үшін де маңызды оқиға саналады. Сонымен қатар ол Қытай басшысының пандемиядан кейінгі алғашқы шетелдік сапары екенін атап өтті. Бұл бір жағынан Қазақстанның стратегиялық маңыздылығын, екінші жағынан Қазақстанды болжамды, сенімді серіктес ретінде көрсетеді.

«Тараптар бірлескен күш-жігерді жандандыратын құжаттарға қол қойылады деп күтуде. Пандемияға қарамастан Қазақстанмен экономикалық байланыс тұрақты болды және болып қала береді», - деді саясаттанушы.

Саясаттанушы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 9 жыл бұрын Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары кезінде «Бір белдеу - бір жол» экономикалық белдеуін бірлесіп салу бастамасын ресми түрде ұсынғанын еске салды. Санат Көшкімбаевтың айтуынша, бұл Қытайдың жаһандық бастамаларын іске асыруда Қазақстанның қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Шын мәнінде, еліміз жаһандық көлік дәлізінің негізгі буыны саналады.