Қытай билігі шенеуніктерге үлкен кабинетте отыруына тыйым салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың реформалар және даму істері бойынша мемлекеттік комитеті министрлер мен губернаторлардың кабинеттері 54 шаршы метрден аспауы керек деген қаулы шығарды, деп хабарлады РИА Новости.

Қытай билігі шенеуніктерге үлкен кабинетте отыруына тыйым салды

«Орынбасарлардың кабинеттері 12 шаршы метрге кем болуы тиіс. Министрліктегі департамент және провинциядағы әкімшілік басшыларында 30 шаршы метрден аспайтын кабинетте, ал олардың орынбасарлары 24 шаршы метрден аспайтын кабинетте жұмыс жасауы шарт», - деген ведомство құжатының сөздерін China Daily газеті келтірді.

Уезд жетекшілеріне 30 шаршы метрден аспайтын кабинетте жұмыс жасауға рұқсат етілді. Олардың орынбасарлары 18 шаршы метрден аспайтын кабинетте отыруы тиіс.

Басшыларда жеке дәретхана мен демалыс бөлмесіне рұқсат берілген. Алайда көрсетілген параметрлерден аспауы тиіс. Орынбасарларға мұндай бөлмеге рұқсат берілмеді.