Қытай «Бір белдеу, бір жол» стратегиясын күшейтіп жатыр

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы мен бағдарламасын дамыту аясында шет елдермен байланысты нығайта түспек. Бұл туралы Жалпықытайлық жиынның бірінші сессиясында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэциян мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Бейжіңдегі меншікті тілшісі.

Қытай «Бір белдеу, бір жол» стратегиясын күшейтіп жатыр

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы халықаралық серіктестікті дамытуде бірлескен кеңес, бірлескен құрылыс, бірлесе пайдалану принциптеріне сүйенеміз»,-деді ол.

Ли Кэциянның айтуынша, Қытайдың алға қойған мақсаты елдің батысындағы шекаралық аудандарының ашықтық деңгейін жоғарылатып  экономикалық серіктестік кеңістігін ұлғайту. Қытай өндірісі мен қызметін шетелге шығаруды ынталандыру. Сонымен қатар ол халықаралық көлік дәліздерін күшейтіп «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасына қатысушы елдер арасындағы кедендік ынтымақтастыққа күш салудың қажеттілігін баса айтты.

Өтіп жатқан сессияда Қытай елі үшін аса маңызды шешімдер қабылданбақ.