Қытай «бір отбасы - бір бала» саясатын тоқтатуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай үкіметі «бір отбасына бір бала» саясатын «жұмсартуды» қолға алды. Енді қытайлық барлық жанұяға екі бала туып, бағуына рұқсат етілуі мүмкін. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян мәлімдеді, деп жазады ВВС агенттігі.

Қытай «бір отбасы - бір бала» саясатын тоқтатуы мүмкін

Ли Кэцяннің айтуынша, үкімет қазір бұл мәселенің оң мен солын таразылау үстінде. Айта кетейік, 2013 жылы Қытай үкіметі «бір отбасы - бір бала» саясатына өзгеріс енгізген болатын. Онда егер баланың әкесі, я шешесінің біреуі бір отбасында жалғыз болған болса, онда екі бала тууға рұқсат етілген.