Қытай Бішкекте орналасқан өз елшілігіндегі дипломаттар үшін алаңдаулы

АСТАНА. ҚазАқпарат -Қытай Бішкектегі өз елшілігінде болған автокөлік жарылысына қатты алаңдаулы. Бұл туралы ҚХР СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Қытай Бішкекте орналасқан өз елшілігіндегі дипломаттар үшін алаңдаулы

«Бүгін таңертең Қырғызстандағы ҚХР елшілігіне жарылғыш заты бар автокөлік шабуыл жасады және мекеменің үш қызметкері жараланды. Мұндай зорлық-зомбылық бізді есеңгіретті. ҚХР сыртқы істер министрлігі барлық қажетті төтенше шараларды жасауда және Бішкектен қытайлық азаматтар мен мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұраймыз», - деді Хуа Чуньин.

Бұған дейін хабарланғандай, Mitsubishi автокөлігіндегі белгісіз біреу ҚХР елшілігінің қақпасын бұзып, баса-көктеп кірмек болған және сол мезетте жарылыс болған. Болжау бойынша, жарылғыш зат автокөлік ішінде болған. Жарылыстан елшілік ғимараты мен жақын үйлерге елеулі нұқсан келді.

Автокөлік салонында болған адам оқиға орнында қаза тапты. Дипломатиялық өкілдік аумағында жұмыс істейтін үш жергілікті тұрғын жараланды. Қытай дипломаттары арасында жараланғандар жоқ. 


Фото:© AP Photo/ Vladimir Voronin