Қытай «Чхонан» корветіне қатысты тараптарды сабырлылыққа шақырды

БЕЙЖІҢ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытай, Корей түбегіндегі жағдайдың ушығуына жол бермес үшін, барлық мүдделі тараптарды сабырлылыққа,
None
None

салқынқандылыққа және «Чхонан» корветіне қатысты оқиғаны лайықты реттеуге шақыруда. Бұл туралы Бейжіңде бейсенбі күні өткен брифингте Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ма Чжаосюй мәлім етті.

Дипломат өз сөзінде, Қытайдың Солтүстік-Шығыс Азия мен Корея түбегіндегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтауға, алтыжақты келіссөзді жалғастыруға талпынып келе жатқанын атап көрсетті.

Жұма, мамырдың 28-і күні Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябаоның азиялық турнесі басталады. Ол сапар барысында Оңтүстік Корея, Жапония, Моңғолия және Мьянмада болады. Қытай сыртқы істер вице-министрі Чжан Чжицзюннің айтуынша, премьердің бұл сапары «бейбітшіліктің, достық пен ынтымақтастық сапары» болып табылады.

«Бұл сапар Қытай, Жапония және Корея Республикасы арасындағы ынтымақтастықты, аймақтағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтауға қолдау болады», дейді Чжан Чжицзюнь.

Соңғы жаңалықтар