10:56, 03 Қазан 2015 | GMT +5
Қытай дәрігерлері әйелдің құлағынан тірі өрмекші алып шыққан (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Fox News порталы медициналық тәжірибеде ерекше оқиға туралы баяндады. Қытайлық әйел Ли Мэн дәрігерлерге келіп, құлағының шуылдағаны мен ауыратынына шағымданған.
Анықталғандай, әйелдің сол жақ құлағында тірі өрмекші болған. Дәрігерлер оны алып тастады. Бұдан да мұқият тексеру кезінде өрмекшінің құлақтың ішінде тор салып, әйел құлағының дабыл жарғағында орналасқанын көрсетті.
Өрмекшіні құлақтан алып шығу оңайға соқпады - оны іліп алу әрекеттеріне өрмекші агрессия танытқан. Бұл құлақтың өткір ауыруына әкелді. Пациент әйел өрмекшінің құлағына табиғат аясына демалысқа шыққан кезде кіріп кеткен деп шамалап отыр, деп жазады шетелдік БАҚ.