Қытай дәрігерлері: В дәрумені инсульт қаупін азайтады

АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қытай ғалымдар 10-нан астам клиникалық сынақтар нәтижесінде алынған мәліметтерді талдай келіп, В дәрумендер тобы инсульттің дамуы қаупін шамамен 7 пайызға азайтатынын анықтады, деп хабарлады Росбалт.

Қытай дәрігерлері: В дәрумені инсульт қаупін азайтады

Зерттеу нәтижелері Neurology журналында жарияланған.

Зерттеу авторлары В дәрумендері тобын қабылдаудың әсерін зерттеу үшін 50-мыңнан астам пациентті жарты жыл бойы бақылаған. Соның нәтижесінде зерттеу қорытындылары бұл дәрумендерді қабылдаудың пайдалы екенін қуаттады. Алынған нәтижелерді салыстыра отырып, дәрігерлер В дәрумендері тобының инсульт қаупін төмендету жөніндегі қабілеті басқа да факторларға байланысты екенін атап өтеді, мәселен, организмдердің витаминді сіңіру шапшаңдығына, қан құрамында фолий қышқылының шоғырлауына, бүйрек аурулары немесе қан қысымының жоғары болуы сияқты жайттар да әсер етеді екен.