Қытай дәрілері өлі туған нәрестенің ағзасынан жасалатын көрінеді

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Қытай дәрілері өлі туған нәрестенің ағзасынан жасалады екен. Бұл туралы Daily Mail агенттігіне сілтеме жасап,KazBIN жазып отыр.
None
None

Агенттіктің хабарлауынша, Кореяның Сеул әуежайында құрамына адам ағзасы енгізілген ірі көлемдегі қытай дәрі-дәрмектері ұсталған.

Өткен жылдың тамыз айынан бастап оңтүстіккореялық кеденшілер Қытайдың осындай 17 мыңнан астам контрабандалық дәрілерін тәркілеген. Мұндай сұмдық жай небір құйтырқы дүниелерді көріп жүрген кеденшілердің өзін де таңғалдырыпты.

Көпшілік сұранысына ие болған бұл капсулалар «барлық ауруларға арналған дәрі», сондай-ақ жалпы күш-қуатты арттыруға арналған құрал ретінде пайдаланылады екен. Препаратты Қытайда заңсыз түрде, өлі туылған нәрестені шикізат ретінде пайдалану арқылы жасайтын көрінеді. Алыпсатарлар кішкентай өлі денелерді тұрмыстық тоңазытқышта сақтап, сосын кәдімгі пеште кептіреді де, ұнтақтайды. Тексеруші органдар капсуланың шынайы құрамында не бар екенін біліп қоймас үшін үгітілген ұнтақты дәрілік шөптермен араластырып жібереді екен.

San Francisco Times басылымы келтірген зерттеулерге қарағанда, Сеулде ұсталған дәрілердің 99,7% пайызы адам ағзаларынан жасалған. Ал әлемде қытайдың дәстүрлі медицинасының препараттарына деген сұраныстың артып отырғаны жасырын емес. Өйткені қытайлық дәрілерден аурудан жылдам айығуға болады деп санайды. Бәрінен де сорақысы, қытайлықтар дәрі-дәрмек ретінде шарананың «жолдасын» пайдаланады екен. Олардың пікірінше, бұл қанайналымының жақсаруына ықпал етеді. Ал азиялық мемлекеттердің денсаулық сақтау органдары аталған дәрі-дәрмектер интернетте сатылымға түсіп кетпесе екен деп алаңдауда.

Иә, қытайлардан небір сорақы дүниелерді күтуге болады. Қайбір жылдары аяқкиімдері мен балалар ойыншықтарынан улы химикаттар шығып, елді бір әбігерге түсіргені бар еді. Ал мынадан кейін қытай дәрілерін пайдаланудың өзі зиянды екеніне шүбәңіз болмасын. Ауруыңызға дауа іздеп, қытайлық дәрі сатып алып, адам ағзасын ішіп жүрмегеніңізге кім кепіл?!

Соңғы жаңалықтар