Қытай даулы Сиша аралында туризмді дамытпақ
АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Аспанасты елі Оңтүстік-Қытай теңізінде туризмді дамытпақ, деп хабарлады The Russian Times газеті.
Туристер үшін мұнда арнайы таныстыру бағдарламасы жасалады. Хайнань провинциясының вице-губернаторы Тань Лидің айтуынша, Оңтүстік-Қытай теңізі арқылы круиз ұйымдастыратын туристік ұшақтар мұнда қона алады, алайда аралда түстенуге және түнеуге болмайды. Өйткені мұнда әлі туристік инфрақұрылым жеткілікті дамымаған. Ал Юнсин аралында 56 бөлмелік бір ғана қонақүй бар. Сумен қамту жасалмаған, барлық қажет заттар қматериктерн жеткізіледі. Қытайлық өкімет орындарының пікірінше, Сиша аралына бару туристер үшін қымбатқа түспек.
Айта кетерлігі, Оңтүстік Қытай теңізіндегі Наньша архипелагында орналасқан Сиша (Парасель аралдары) және Чжунша аралдар тобына бес ел, Қытайдан басқа, Вьетнам, Малайзия, Филиппин және Бруней таласып отыр. Аспанасты елі бұл аумақты Қытайдың экономикалық аймағы деп санайды. 2012 жылғы маусымда ҚХР Мемлекеттік кеңесінің шешімімен 200 кішкентай аралдарды және 2 миллион шаршы километрлік су алабын біріктірген Саньша қаласы тұрғызылды.