Қытай делегациясы елордаға ат басын тіреді

АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылғы тамыздың 9-ында елордаға қысқы Азия ойындарын өткізуге арналған үлкен көлемді шараны өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздік бойынша пікір алмасу мақсатында Қытай Халық Республикасы Гуандун провинциясының Қоғамдық қауіпсіздік департаментінен делегация келді, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Делегация құрамында ҚХР Гуандун провинциясы Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің бастығы Ля Вэйфа, Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің кіру және шығу ісі бойынша басқармасының бастығы Чянь Минь, Қоғамдық қауіпсіздік департаменті экономикалық қылмыспен күрес басқармасының бастығы Сюй Вэньхай, Қаржы департаментінің бөлім бастығы Гу Дунфан, ҚҚД техника-қаржы бөлімінің бастығы Ян Дунлай, ҚҚД кеңсе меңгерушісінің орынбасары Лю Джиминь бар.

Тамыздың 10-ында, яғни бүгін пікір және тәжірибе алмасу мақсатында делегацияның Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Астана қалалық Ішкі істер департаментінің басшылығымен кездесуі өткізілді. Делегация ҚР ІІМ мен Астана қалалық ІІД Жедел басқару орталығын тамашалап, Астана қалалық Ішкі істер департаментіне де барып, бұл жерде әріптестерге елорданың қолданысында бар техникалар, криминалистік лаборатория, шағын ЖБО, патрульдік автокөліктер, эскорттық взвод, Кинологиялық қызмет орталығы, атты әскер, Жедел қимылдайтын арнайы жасақ және «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жұмыстары көрсетілді. Түстен кейін делегация Астана қалалық ІІД Көші-қон полициясы басқармасының жұмысымен танысты, сондай-ақ 2011 жылы Алматы және Астана қалаларында қысқы Азия ойындарын өткізуге дайындық аясында «Астана-Арена» стадионын тамашалады.

Кездесу барысында «Бәйтерек», «Хан Шатыр», «Думан» ойын-сауық орталығы, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және Келісім сарайы сияқты елорданың көрнекті жерлеріне экскурсия жасалды.

Соңғы жаңалықтар