Қытай достық қауымдастығы: Астана - болашақ қаласы

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай достық қауымдастығының халықаралық қатынастар бөлімі басшысының орынбасары Ван Цзиньтао қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады.

Қытай достық қауымдастығы: Астана - болашақ қаласы

«Астанада бірнеше рет болғанмын. Бұл болашақтың қаласы. Қазақстанның елордасы, әсем қалаға барған әр сапарымнан алған әсерді сөзбен жеткізу қиын.  Оның тұрғындары қонақжайы екенін атап өткім келеді.  Аз уақыт ішінде осындай қаланы салу барша қазақстандықтардың еңбегінің жемісі деп ойлаймын.  Сіздер елдеріңізді және елордаларыңызды мақтан тұтуға құқылысыздар.  Қазақстан халқының досы ретінде Астана күнімен құттықтаймын», - деді ол қазақстандық журналистерге берген сұхбатында.

«Қазақстан, - деді ол, «Қытайдың жақсы досы және мейірімді көршісі. Сіздің елдеріңіздің жетістіктерін көріп қуанамыз».