Қытай дүкендерінде сауда жасаған туристерге салықтық төлемдер қайтарылып берілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасының қаржы министрлігі осы елге келген шетелдік азаматтар сауда жасаған жағдайда оларға салықтық төлемдерді қайтарып беру туралы қаулыны жария етті, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
None
None

Енді Қытай дүкендерінде сауда жасамақ болған шетелдік туристер осы елде жұмсаған қаражатынан 11% көлеміндегі салық төлемін қайтарып ала алады. Бұл жаңашылдық бір дүкенде 500 юаньнан ($81) артық сомаға сауда жасағанда қолданылады. Салық төлемдері ҚХР аумағында 183 күннен артық болмайтын туристерге қайтарылады.

Салықты қайтару киім, аяқ киім, косметика өнімдері, сағаттар, зергерлік бұйымдар, электроника, кеңсе заттары және спорттық тауарлар мен медициналық құралдарды және жиһаздар сатып алған кезде 90 тәулік ішінде жүзеге асырылады.

Егер туристің сатып алған тауарларының құны 10 000 юаньнан (шамамен $1610) аспайтын болса, онда турист салықтық қайтарымды қолма-қол ақша түрінде немесе банктегі есепшотына аудару арқылы ала алады. Егер сатып алынған тауарларының құны 10 000 юаньнан асып кететін болса, онда мұндай төлемді қайтару тек банктегі есепшот арқылы жүзеге асырылады.

Бұл шешім елдегі салық жүйесін оңтайландыру және туризмді дамыту мақсатында қабылданып отыр.

Соңғы жаңалықтар