21:21, 31 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Қытай екінші авианосец жасайтыны туралы жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай екінші авианосец салатынын ресми жариялады, деп хабарлады Би-би-си-дің орыс қызметі.

«Синьхуа мемлекеттік ақпараттық агенттігі елдің қорғаныс министрінің сөзін келтірген, оның айтуынша, Қытайдың солтүстік-шығысындағы Далянь кеме жасау верфінде су сыйымдылығы 50 мың тонналық кеме жұмыстары басталған.
Әскери-теңіз күштері үшін жаңа кеме жасауда қытайлық технология ғана пайдаланылады, деді қорғаныс министрлігінің өкілі.
Қазіргі кезде Қытай ӘТК-де жалғыз ғана «Ляонин» авианосеці бар. Ол Украинадан 1998 жылы сатып алынған «Варяг» крейсерінің базасында жасалған. Жапон және Оңтүстік Қытай теңіздеріндегі аралдар тобының аймақтық кімге жататыны туралы мемлекетаралық даулар жағдайында Қытай әскери-теңіз күштерінің қуатын арттыра түсуде.