Қытай экономиканы ынталандырудың жаңа шараларын енгізіп отыр

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - ҚХР билігі экономиканы ынталандыруға бағытталған жаңа қадамдарды енгізетінін жариялады.

Қытай экономиканы ынталандырудың жаңа шараларын енгізіп отыр

Оның аясында шағын бизнес үшін салықтық жеңілдіктер, экспорттаушылардан жиындық төлемдерді төмендету және жаппай темір жол құрылысы қарастырылған.

Бейжің 1 тамыздан бастап ай сайынғы сатылым көлемі 3257 АҚШ долларынан (20 мың юань) аспайтын шағын бизнес кәсіпорындары үшін қосылған құн салығы мен сауда айналымы салығына тыйым салмақ.

Үкіметтің есебінше, бұл жеңілдіктерден 6 миллионнан астам шағын кәсіпорындар ұтады екен. Осы орайда табыс көлемі артып, миллиондаған қытайлықтардың еңбекпен қамтылуы жоғарылайды.

Ынталандырудың жаңа шаралары сонымен қатар кедендік рәсімдеуді жеңілдету, шағын және орта кәсіпорындардың экспортын оңтайландыру секілді мәселелерді ескеріп отыр.

ВВС-дің жазуынша, Қытайдың экономикалық өсімінің қарқыны екі тоқсан бойы қатарынан төмендеп келеді және бұл үрдіс жалғасады деген есептеулер бар.