Қытай экономикасының баяулауы шикізаттың әлемдік бағасына, компанияларының акцияларына әсер етуі мүмкін

АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Қытай экономикасының баяулауы шикізаттың әлемдік бағасына әсер етіп, шикізат компанияларының акцияларына қысым көрсетуі ықтимал.

Қытай экономикасының баяулауы шикізаттың әлемдік бағасына, компанияларының акцияларына әсер етуі мүмкін

Бүгін Үкімет отырысында баяндама жасаған Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев осылай мәлімдеді. Министрдің айтуынша, Қазақстан экономикасы еуро аймақтағы рецессияның жалғасуы, нарығы қалыптасып келе жатқан елдердің әлсіз дамуы және АҚШ экономикасының барынша баяу өсуіне байланысты әлемдік экономиканың баяу жылжуы жағдайында дамыды. АҚШ-тағы ЖІӨ бірінші тоқсанда 1,8 пайызды құраса, Еуропада ЖІӨ-нің төмендеуі 1,3 пайызға жеткен. «Қытайдың жалпы ішкі өндірісінің өсу серпіні жылдың басынан бері 7,1 пайыздан 7 пайызға дейін қысқарды. Қытайдағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі маусым айында 8,9 пайызға өсті. Бұл мамыр айына қарағанда 0,3 пайызға төмен көрсеткіш. Жалпы Қытай экономикасының баяулауы шикізаттың әлемдік бағасына әсер етіп, шикізат компанияларының акцияларына қысым көрсеутуі мүмкін»,- деді Е.Досаев.